Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

Опубликовано:

көліктер
Көрнекі фото: phxere.com

Мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұр. Бұл ақпаратты қаржы министрлігі растады, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа машиналарды есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948759-elimizde-zana-kolikterdi-esepke-qoyu-uaqytsa-toqtatyldy/

pixel