Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Корпоративтік кештен қашқан шенеуніктердің видеосына қатысты басқарма жауап берді

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Нұрсұлтан Тошаев/Facebook

Түркістан облысының білім басқармасы Кентаудағы мейрамханалардың бірінде бөлім қызметкерлерінің отырысы түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым атап өткендей, әлеуметтік желіде бір емес, екі видео жарияланды.

Кадрлардан қонақтардың алдымен дәмханаға жиналып, мерекені тойлағаны, кейін полицейлер мен блогерлерді байқаған соң мекемеден қаша бастағаны көрінеді.

Екіншісінде, автор атап көрсеткендей, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев өзін түсіріп жатқан адамнан қашқан.

Ер адам шағын арнадан секіріп өтпек болады, бірақ құлап, кейін көлікке отырып, кетіп қалған.

Түркістан облысының білім басқармасы кадрдағы Рахымбек Жолаев емес екенін, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

"Бұл видеода басқарма басшысы емес, бұл жалған ақпарат. Ал кафеге келер болсақ, иә, онда қызметкерлер жиналды, оларға жай ғана алғысхаттар берілді. Басшы сәл аялдап, құттықтап, кетіп қалды. Ешкім карантиндік шараларды бұзған жоқ", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері әзірге басқармаға заңбұзушылық туралы ешқандай құжат келмегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948761-korporativtik-kesten-qasqan-seneunikterdin-videosyna-qatysty-basqarma-zauap-berdi/

pixel