Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да сауда үйлеріне тек "жасыл" мәртебемен ғана кіруге болады: Жаңа қаулы шықты

Опубликовано:

Сауда орталығы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Бұл ақпаратты өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомство мәліметінше, құжат 27 желтоқсаннан бастап күшіне енген, деп жазады Қазақапарат.

Қаулыда сауда және ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтарына тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, қызметкерлер мен келушілер тек "жасыл" мәртебемен ғана кіре алатыны көрсетілген.

Сондай-ақ вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестісі бар, соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарға шектеу қойылмайды.

Облыста тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуі де шектеледі немесе олар 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестіден өтуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте 342 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың сегізі Батыс Қазақстан облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948776-bqo-da-sauda-uilerine-tek-zasyl-martebemen-gana-kiruge-bolady-zana-qauly-syqty/

pixel