Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 17 көлік cоқтығысқан жол апаты: қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Көліктер
Видеодан кадр: Kris.p.almaty | Official

Алматы облысында 17 көліктің қатысуымен болған апатқа байланысты аймақтағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жолдар жағдайына жауапты тұлғалар жазалануы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

25 желтоқсан күні Алматы-Қорғас тас жолының 134-шақырымындағы Еңбекшіқазақ ауылында 17 көліктің қатысуымен жол апаты болды.

Жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы себеп болған: тайғақ жолды тұман байқатпаған.

Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар түрлі жарақаттармен Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Бүгін оқиғаға байланысты жол қызметтеріне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалғаны белгілі болды.

"Тергеу басқармасы жолдарды пайдалануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабы (Көліктегі қолданыстағы ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптамалар тағайындалды, сондай-ақ уәкілетті органдарға тиісті сұраныстар жіберілді.

Қазір істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде",- деді өңірлік ПД баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948782-almaty-oblysynda-17-koliktin-qatysuymen-bolgan-zol-apatyna-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel