Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пойыз вагонының үстіне шыққан тағы бір қазақстандық жасөспірім мерт болды

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ата-аналарға ескерту жасады. Себебі, теміржолда балалардың қатысуымен қайғылы жағдай жиілей түскен. Мәселен, екі күнде екі жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды компанияның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Оның сөзінше, қайғылы жайттың бірі - 25 желтоқсанда Тараз станциясында тіркелген. 15 жастағы жасөспірім вагонда фотоға түсем деп жүргенде тоқ соғып, қайтыс болған.

Дәл сондай жағдай 27 желтоқсанда Алматы станциясында да тіркелген.

Қайсар Жұмабайұлының жазуынша, екі бозбала вагонның үстіне шығып видео түсірмек болғанда, тоқ соққан. Салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмған.

"Арты өлімге әкеп соқтыратын мұндай ауыр жағдайлардан сақтану үшін ата-аналарға арнайы ескерту жасағым келеді.

Пойыздың асты қандай қауіпті болса, үсті де сондай қауіпті. Вагондардың төбесінде қуаты 27 000 вольттық электр сымдары тартылғын. Ол сымдарды ұстау былай тұрсын, жақындаған адамды сұлатып түсіреді.

ҚТЖ мамандары мен полиция қызметкерлері мұндай қауіп-қатердің бар екенін, жалпы теміржол өте қауіпті жер екенін ескертіп-ақ келеді. Өкінішке орай, ойын баласы ескертуді үнемі қаперге ала бермейді. Сондықтан, ата-аналар, мұқият болыңыздаршы...", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948793-poiyz-vagonynyn-ustine-syqqan-tagy-bir-qazaqstandyq-zasospirim-mert-boldy/

pixel