Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 желтоқсанда Сауран аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Ескі Иқан ауылына қарасты Шымкент-Самара тас жолының 135-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жайлы хабар келіп түскен.

Жол көлік оқиғасы болған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.

Полицейлердің мәліметінше, Mercedes Benz жүк көлігі, Daewoo Nexia автокөлігі, оның соңынан ВАЗ-2105 ресей автокөлігі, сонымен қатар Toyota Сamry көліктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бір-біріне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған Mercedes Benz жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылып, Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жинақталған құжаттар жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948814-turkistan-oblysynda-tort-kolik-soqtygysty/