Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның неше өңірі "сары" аймақта

Опубликовано:

безендіру
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

28 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 354 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 986 553-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948824-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-sary-aimaqta/

pixel