9 миллионға жуық қазақстандық КВИ вакцинасын салдырды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы екпе алғаны белгілі болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

2021 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 955 943 адам салдырды. Екпенің екінші компонентін алғандар саны - 8 473 343 адам.

27 желтоқсанда "Pfizer" вакцинасының I дозасын 301 675 адам, ІІ дозасын 108 582 адам салдырды.

І компонент

  • Жасөспірімдер – 242 103
  • Жүкті әйелдер – 17 368
  • Бала емізетін әйелдер – 42 186.

ІІ компонент

  • Жасөспірімдер – 87 670
  • Жүкті әйелдер – 5 872
  • Бала емізетін әйелдер – 15 038.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948831-9-millionga-zuyq-qazaqstandyq-kvi-vakcinasyn-aldy/