Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізу ұсынылды

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап жаңа шектеулер енгізу ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.

Ұсынылған жаңа ережеге сәйкес, Ashyq-та жасыл мәртебесі жоқ қазақстандықтарға белгілі бір мекемелерге, сондай-ақ фитнес орталықтарына, банктерге және халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге шектеу қойылады.

"2022 жылғы 5 қаңтардан бастап кіруге рұқсат беруге қатысты қосымша шаралар енгізу ұсынылады - тек Ashyq-та жасыл мәртебесі бар тұлғаларға ғана келесі жерлерге кіруге рұқсат берілмек:

- сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда орталықтарына, сауда желілеріне;

- спорт-сауықтыру және фитнес орталықтарына, йога орталықтарына;

- караокеге;

- бассейндерге;

- сауналарға, моншаларға;

- банктерге;

- Қазпошта бөлімшелеріне;

- Халыққа қызмет көрсету орталықтарына", - деді Жандос Бүркітбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948837-elimizde-5-qantardan-bastap-zana-sekteuler-engiziledi/

pixel