Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ashyq-та көк мәртебесі бар қазақстандықтар мәселесі: Министрлік кеңес берді

Опубликовано:

Паспорт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Елімізде жаңа шектеулер енгізілген жағдайда Ashyq-та көк мәртебесі бар қазақстандықтар не істеу керек? Бұл сауалға денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көк мәртебесі бар адамдарға ПТР тестін тапсыру ұсынылады. Егер қызметкер аталған мекемелерден онлайн қызмет ала алмаса, тапсырған ПТР тесті жеті күн ішінде жарамды. Бірақ вакцина алу дұрысырақ. Шара елдегі эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін ұсынылып отыр", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Ол бұл шектеулер қосымша профилактикалық шара ретінде ұсынылып отырғанын алға тартты.

Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова ұсынылған шектеулердің әлі бекітілмегенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізу ұсынылған болатын.

Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.

Ұсынылған жаңа ережеге сәйкес, Ashyq-та жасыл мәртебесі жоқ қазақстандықтарға белгілі бір мекемелерге, сондай-ақ фитнес орталықтарына, банктерге және халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге шектеу қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948850-zana-sekteu-ashyq-ta-kok-martebesi-bar-qazaqstandyqtar-ne-isteidi/

pixel