Қостанайда өрттен төрт баланы алып шыққан мектеп оқушысы марапатталды

Опубликовано:

Олег Пирог
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов балаларды өрттен құтқарған жасөспірім Олег Пирогпен кездесті. Сондай-ақ, облыс әкімі өрт салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасын қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отбасында екі жастан сегіз жасқа дейінгі төрт кәмелетке толмаған бала бар. Әзірге олар туыстарында тұрақтаған. Кездесу барысында Архимед Мұхамбетов көпбалалы отбасына Абай көшесінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Күнжан Өмірзақованың алдында үй кезегінде тұрған азаматтар ұсынған тұрғын үйден бас тарту туралы жазбаша өтініштер қабылданды.

Ал отбасының құтқарушысы, батыр бала Олег Пирог облыс әкімінен алғыс хат пен ноутбук алды.

Сондай-ақ, өңір әкімі Олегтің ата-анасына ұлдарын лайықты азамат етіп тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

"Ең алдымен, Олегтің ата-анасына үшін алғыс айтамын. Валентина Владимировна, сіздің үлкен және тату отбасыңызға барлық жақсылық, денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Олег, батылдық пен жанқиярлық үшін тағы да рахмет.

Оқуда үлкен нәтижелер, білім мен шығармашылық ұмтылыстар тілеймін. Барлық арманыңыз орындалсын", - деп атап өтті ол.

Олег бүгінде ата-анасымен және тағы бес бауырымен тұрады.

Айта кету керек, облыс кәсіпкерлері Олегтің ерлігін атап өтіп, бағалы сыйлықтар беруге дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948868-qostanaida-ortten-tort-balany-alyp-syqqan-mektep-oqusysy-marapattaldy/