Мамин: Қабылданған іс-шаралар арқасында пандемияның сын-қатерлерін еңсердік

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: РИА Новости / Сергей Мамонтов

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин бүгін өткен үкімет отырысында коронавируспен күрес жайында сөз қазғады. Үкімет басшысы пандемияның сын-қатерлері қабылданған іс-шаралардың арқасында еңсерілгенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

"Пандемия жалғасып, вирустың жаңа штамдары пайда болып жатыр. Вирус жаһандық экономикаға түбегейлі өзгерістер енгізуде. Алдағы уақытта пандемия жағдайында жұмысты жалғастыру қажет.
Жалпы қабылданған іс-шаралардың арқасында біз пандемияның сын-қатерлерін еңсердік. Шектеулер жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың сақталуын, жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол берілмеуін және халықтың табысының азаймауын қамтамасыз ете алдық" , - деді Асқар Мамин.

Оған қоса, премьер-министр әріптестеріне жасаған еңбектері үшін алғыс білдіріп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948869-mamin-qabyldangan-is-saralar-arqasynda-pandemiyanyn-syn-qaterlerin-enserdik/

jitsu gif