Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан полициясы итті талап тастаған "қасқырға" қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Ит
Видеодан кадр: іnstagram.com/police_nur_sultan

Елорда тұрғыны қаңғыған итті қасқырмен шатастырып, полиция шақыртты. Шақырту орнына келген тәртіп сақшыларына жануар шабуыл жасауға тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап.

27 желтоқсанда кешкі сағат 9-да полицияға Панфилов көшесінде итті талап тастаған қасқыр жүргені туралы ақпарат түскен.

"Жасақ шақырту орнына келген кезде факті расталды. Жануар өзіне жақындаған полиция қызметкерлеріне агрессия көрсетіп, шабуыл жасауға тырысты. Осыған байланысты табельдік қару қолданылды", - делінген құқық қорғаушылардың хабарламасында.

Оқиға орнына, сонымен бірге, әкімдіктің "Астана ветқызмет" қызметкерлері де шақыртылды. Олар екі жануарды да қарап, мұның қасқыр емес, қаңғыбас иттер екенін анықтады. Иттерді арнайы көлікпен алып кеткен.

Болған жайтқа байланысты тәртіп сақшылары астаналықтарға үндеу жасап, қала аумағында жабайы жануарлар мен қаңғыбас иттерді көрген кезде бірден полицияға, әкімдікке немесе "Астана ветқызмет" қызметіне хабарлауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948877-nur-sultan-policiyasy-itti-talap-tastagan-qasqyrga-qatysty-pikir-bildirdi-video/

pixel