Түркістан облысында әкімнің экс-орынбасарына 14 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Айкен Темір
Айкен Темір. Фото: gov.kz

Түркістан облысы Байдібек ауданы әкімінің экс-орынбасары Айкен Темірге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің Telegram арнасында хабарлады.

27 желтоқсанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Айкен Темір Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды.

Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды және оған 14 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұрынғы әкім орынбасары Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт-офис құрылысының шарты бойынша 22 184 000 теңге көлемінде ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге ақша алды деген күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948888-turkistan-oblysynda-akimnin-eks-orynbasaryna-14-mln-tenge-aiyppul-salyndy/