Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Қазақстаннан Лондонға ұшатын әуе рейстерін тоқтатты

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді. Осыған байланысты Air Astana Қазақстаннан Лондонға ұшатын әуе рейстерін тоқтатты. Бұл туралы әуе компаниясының Telegram каналында хабарланды.

"Үкімет шектеулеріне байланысты 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығында Лондонға қатынауды тоқтатуға мәжбүрміз. Жолаушылардың билет сатып алған жерде билет ақысын толықтай қайтаруға немесе билетін Нұр-Сұлтаннан және Нұр-Сұлтанға қатынайтын рейстерге ауыстырып алуға мүмкіндігі бар", - деп хабарлады әуе компаниясы.

ТАСС басылымының мәліметінше, соңғы жеті күнде Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған 760 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Ұлыбританияда ауру жұқтырғандар санының көбеюіне "омикрон" штамының таралуы себеп болып отыр.

26 желтоқсаннан бастап Солтүстік Ирландияда, Уэльсте және Шотландияда жаңа шектеу шаралары енгізіліп, түнгі клубтар жабылып, жаппай іс-шаралар тоқтатылды.

Ал Англияда шектеу шаралары 8 желтоқсанда күшіне енген болатын.

Осы ретте Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид 2022 жылы коронавирусқа қарсы басқа да шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін жасырмады.

Айта кетейік, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі де елде 5 қаңтардан бастап жаңа шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948895-air-astana-qazaqstannan-londonga-usatyn-aue-reisterin-toqtatty/

pixel