Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қазақстандық ғалым өмірден өтті

Опубликовано:

ғалым
Фото: Facebook/Қазақ Ұлттық медицина университетіт

Атақты ғалым, еңбек сіңірген дәрігер-офтальмолог, профессор Жанар Мұстафина 86 жасында дүние салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Бүгін 86 жасында белгілі ғалым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина көз жұмды. Университет ұжымы Жанар Ғабиденқызының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз Жанар Ғабиденқызы Мұстафинаны ешқашан ұмытпаймыз!", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Мұстафина жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, Жанар Мұстафина – республикадан тыс жерлерге де танымал қазақстандық офтальмология мектебін құрушылардың бірі.

Отыз жылдан аса уақыт басшылық қызмет атқарған ол 300-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде алты монографияның, әдістемелік оқулықтардың, оқу құралдарының, сөздіктердің, Қазақстан мен Ресейдегі 50-ден астам өнертабыс пен патент авторы.

Мұстафинаның жетекшілігімен 20 кандидаттық және докторлық диссертация қорғалған. Көпжылдық ғылыми-зерттеу, педагогикалық, емдеу-алдын алу қызметі үшін ҚазКСР Жоғарғы кеңесі президиумының Құрмет грамоталарымен, "Құрмет белгісі" және "Парасат" ордендерімен марапатталған. "Ұлттық медицина ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары марапаты – "Алтын дәрігер","Ave Vitae" орденінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948903-belgili-qazaqstandyq-galym-omirden-otti/

pixel