Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің республикалық конференциясы өтті

Опубликовано:

"Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" ҚБ
Фото: "Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" ҚБ

Елімізде 30 жылдың ішінде жастарды қолдау мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, білім және ғылым саласындағы «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» және жастарға тікелей қатысы бар басқа да жобалар жетерлік. Бүгінде олардың нәтижелерін көріп отырмыз. 2012 жылдан бастап, жастардың проблемалық мәселелерін шешу үшін Жастар ресурстық орталықтары құрылуда.

Қазіргі кезде Қазақстанда 209 ресурстық орталық жұмыс істеп тұр, онда 3000-ға жуық жас қызметкер еңбек етуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан жастар қызметкерлерінің ІІ республикалық конференциясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің төрағасы Шахмардан Байманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ресурстық орталықтардың жұмысы жүйелендіріліп, жергілікті деңгейде басқармалар, орталық деңгейде Жастар ресурстық ғылыми орталығы ашылып, методологиялық әдістемелік нұсқаулықтар берілді.

"Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" ҚБ
Фото: "Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" ҚБ
«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы - еліміз үшін үлкен меже, үлкен тарихи сәт. 30 жылда барлық салаларда, әлеуметтік-экономикалық салаларда жеткен жетістіктерімізді саралайтын белгілі бір кезең. Енді 30 жылдан кейін Қазақстан қалай дамиды деген мәселе бізді де толғандырады, ойландырады. Мемлекет тарапынан тікелей жастарға қатысты үлкен жобалар іске асырылды. Биылғы жыл өте күрделі болды, біз NEET санатындағы жастарды барлық салалардан, тараптардан зерттей бастадық. Жақында өткен Үкімет отырысында жастар саясаты саласындағы заңнамалық актіге, яғни «Жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақұлданды, енді құжат Мәжіліске жіберіледі. Біз көтерген, талқылаған мәселелер осы заң жобасында көрініс тапты», - деді Байманов.
"Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" ҚБ
Фото: "Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы" ҚБ

Жастар қызметкерлері қауымдастығының өкілі Бейсенәлі Қарабаевтың айтуынша, Жастар ресурстық орталықтарын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары әзірленді. Онда көптеген факторлар ескерілген. Сондай-ақ, кадрларды қайта даярлау мақсатында орталық қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру, жастармен сауатты жұмыс істеу үшін қосымша білім беру көзделген.

«Моноқалаларда, кейбір елді мекендерде Жастар ресурстық орталықтарын одан әрі дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, орталықтарды дамыту үшін үш деңгейден және 40 индикатордан тұратын сапа белгісі жасалды. Олар 7 бағыттағы индикаторлар бойынша жұмыс істейді», - деді қауымдастық өкілі.

Айта кетейік, Қазақстан жастар қызметкерлерінің ІІ республикалық конференциясы Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасы аясында өтті. Мақсаты - жастармен жұмыс істеу тәсілдері мен құралдары бойынша ұсынымдар дайындау, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер және осал жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың құзыреттілігін арттыру.

Шара барысында Жастар ісі құралдары мен әдістерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Жылдың жастар қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ, ТоТ және конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948931-nur-sultanda-zastar-resurstyq-ortalygy-qyzmetkerlerinin-respublikalyq-konferenciyasy-otti/

pixel