Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да екі жыл бұрын жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр (фото)

Опубликовано:

Аслан Бауенов
Аслан Бауенов. Фото: instagram.com/policebqo

Полицейлер екі жыл бұрын Оралдағы үйінен шығып, күні бүгінге дейін оралмаған Аслан Бауеновты іздестіріп жатыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Аслан Бауенов 2019 жылдың 12 қыркүйегінде кешкісін Орал қаласындағы Неусыпов көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен, содан бері ер адамнан хабар жоқ.

Оның белгілері: бойы 175 см, орташа денелі, шашы - қысқа қара түсті кей жерлеріне ақ түскен, қыр мұрынды, оң жақ қасының жанында қалы бар.

Жоғалған күні үстінде капюшоны бар сұр күртеше, көк және жасыл түсті поло, ақ ішкөйлек, көк джинс шалбар, басында ақ кепка, аяғында ақ кроссовка болған.

Қазір тәртіп сақшылары Аслан Бауеновтің қайда екенін анықтауға тырсып жатыр.

Жоғалған ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, полиция 8 775 717 11 19, 8 707 881 66 66 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948951-bqo-da-eki-zyl-buryn-zogalyp-ketken-er-adam-izdestirilip-zatyr/

pixel