Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Опубликовано:

Синоптиктер 29 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, 29 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
29 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елімізде 32 градусқа дейін аяз болуы мүмін екенін болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948980-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/