Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда да жаңажылдық отшашу болмайды

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Жаңа жылдың құрметіне орай мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.

Штабтың хабарлауынша, мұндай шешімнің қабылдануына эпидемиологиялық ахуал себеп болған.

"Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты 31 желтоқсанда Алматыда адамдар жаппай жиналған кезде азаматтардың ауру жұқтыруын болдырмас үшін мерекелік отшашу болмайды", - деп хабарлады штабтан.

Еске сала кетсек, бұған дейін елорда билігі қалада жаңажылдық отшашу болмайтынын хабарлаған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жылы да мерекелік отшашу болмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948986-almatyda-da-zanazyldyq-otsasu-bolmaidy/

pixel