Тағы 569 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pexels.com

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде стипендия 569 қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 163 адам магистратураға, 4 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті.

Одан бөлек, "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша 37 стипендиат білім алады. Тағы 365 ғалым шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері академиялық оқудан және әлемнің 27 елінің жетекші университеттері мен ғылыми және салалалық орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 220 адам - АҚШ, 136 адам – Ұлыбритания, 57 адам – Ресей Федерациясы 13 адам – Австралия, 14 адам – Германия, 3 адам – Жапония т. б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін конкурстық іріктеудің екі легінің қорытындысы бойынша комиссия шешімімен тағы 309 стипендия, оның ішінде "Ғалымдар" санаты бойынша 51 стипендия тағайындалған болатын. Жалпы, биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналында және Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948993-tagy-569-qazaqstandyq-bolasaq-xalyqaralyq-stipendiyasynyn-iegeri-atandy/