Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арнайы операция кезінде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді

Опубликовано:

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы полициясы қызылордалықтан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің жедел қызметкерлері арнайы іс-шараны Алматының Наурызбай ауданында жүргізді.

Нәтижесінде Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғыны ұсталды, ол бетбелгілер арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Оның тұрғылықты жерінде полиэтилен пакеттерге оралған шөп, сондай-ақ күдіктінің орағанда және есірткіні таратқанда пайдаланған құралы табылып, тәркіленді.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық заттарды интернет арқылы көтерме саудамен сатып алып, Алматы қаласы мен Алматы облысында бөлшек саудада өткізген. Күдікті есірткі заттарын сатқаны үшін электронды аударымдар арқылы сыйақы алған.

Тәркіленген заттар
Фото: polisia.kz

"Бір тапсырыстың сомасы 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы бойынша есірткі – "PVP", оның салмағы 130 граммды құрады, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі көлемде есірткіні сату мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949001-almatyda-arnaiy-operaciya-kezinde-esirtkinin-asa-iri-partiyasy-tarkilendi/

pixel