Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында 12 адамға иіс тиіп, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Пеш
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында 12 адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Шалқар ауданы Кішіқұм ауылында көмір жағатын пештен улы газ ауаға тарап, он адам (бесеуі бала) уланған.

Оның алтауы бір үйдің адамы, қалғаны қыдырып келгендер. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Сонымен қатар, Ойыл ауданына қарасты Көптоғай ауылында газдан уланған әйел адам мен бір бала әлі ауруханада жатыр.

"Күннің суытуымен тұрмыстық өрт және улы газбен улану қаупі артады. Сондықтан, көмірмен жылытылатын пешті уақытында тазартып тұру керек. Аталған елді мекендер газ желісіне қосылмаған, жергілікті тұрғындар ағаш пен көмір жағады", - дейді Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығының орынбасаы Нұрхат Қалдыбаев.

Материал авторы: Г. Сейтенова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949018-aqtobe-oblysynda-12-adamga-iis-tiip-auruxanaga-tusti/

pixel