Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар "Алтын Орда" маңындағы жолайрық ашылса да, кептеліс мәселесінің шешілмегеніне қынжылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматылықтар әлеуметтік желіде "Алтын Орда" базары маңындағы шақырымдарға созылған жол кептелісінің видеосын жариялауда. Осы мәселені шешу үшін 25 желтоқсанда ғана көптен күткен жолайрық ашылған еді, алайда желідегілердің жазуынша, жаңа көпір ашылғанымен мәселе шешілмеген, жағдай ушыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жолайрық ашылғаннан кейін де көпірдегі ұзын-сонар кептелістің видеосы 28 желтоқсанда әлеуметтік желілерде жарияланды.

Кейбір пікір қалдырушылар ірі қалалардағы кептеліс мәселесін ешбір жолайрық шешпейтінін жазуда.

"Жолды кеңейту, жолақтарды ұлғайту, жолайрығын салу көлік кептелісі мәселесін шешпейтінін түсінетін уақыт жетті", "Ешқандай жолайрық кептеліс мәселесін шешпейді, мұны дамыған елдер әлдеқашан түсініп, қоғамдық көлікті дамытып жатыр", - дейді олар.

Дегенмен, кептеліске Жаңа жыл мерекесі себеп болуы мүмкін деп топшылаған қала тұрғындары да табылды.

"Мереке күндеріне байланысты қарбалас пен кептеліс болуы мүмкін. Жаңа жылдан кейін көреміз", - деді пікір қалдырушылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949026-almatylyqtar-altyn-orda-manyndagy-zolairyq-asylsa-da-keptelis-maselesinin-sesilmegenine-qynzyldy/