Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентауда корпоративке келген қызметкерлер өздерін видеоға түсірген белсендінің үстінен сотқа арыз түсірмек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pexels

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері мекеменің корпоративін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған белсендінің үстінен сотқа арыз түсірмек, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қызметкерлер санитарлық талаптарды бұзбағанын, ал желіде жарияланған видео беделіне нұқсан келтіргенін айтады.

Сонымен бірге, білім басқармасының мамандары банкеттің заңды негізде ұйымдастырылғанын, мейрамханаға бар-жоғы 50 адам жиналғанын атап өтті.

"Үш-төрт қызметкердің атынан олардың беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа арыз дайындалуда. Санитарлық дәрігер 100 адамға дейін корпоратив өткізуге рұқсат берген. Бұл талап бұзылған жоқ", - деді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы бөлімінің жетекшісі Әлжан Сапарбеков.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде түсірілген видео пайда болған еді.

Видео авторы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Кентауда мерекелік шара ұйымдастырғанын, оған аудандардан қызметкерлер келгенін жеткізген.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар толтырылып, санитарлық дәрігерлерге жіберілген.

Кейінірек, видеоға қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдіріп, карантин талаптары бұзылмағанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949081-kentauda-korporativke-kelgen-qyzmetkerler-ozderin-videoga-tusirgen-belsendinin-ustinen-sotqa-aryz-tusirmek/

pixel