Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«INNO.FEST» Qyzylorda фестивалінің жеңімпаздарына қолдау көрсетіледі

Опубликовано:

Конференция
Фото: gov.kz

Облыста жастардың инновациялық идеяларын жүзеге асыратын «Inno.Fest» Qyzylorda 2021 фестивалінде жеңімпаз атанғандар бүгін сайыс туралы ойларын ортаға салып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Inno.Fest» Qyzylorda фестивалі республикалық деңгейде өтті. Жалпы байқауға 1500-ге жуық қатысушы мен 200-ге жуық команда қатысты. Жүлде қоры 2 млн 400 мың теңгені құрады. Байқау қорытындысы бойынша әр секциядан үздік деп танылған 3 команда марапатталды. Astana Hub халықаралық технопаркі және Қызылорда қаласының IT паркімен бірлесіп, жүлделі орындарға ие болған жобаларды, сондай-ақ грант иегерлерін одан әрі дамыту жоспарлануда», - деді «Ақпараттық технологиялар орталығының» директоры Сабит Ибадуллаев.

Инновациялық идеялары озық деп танылған жеңімпаздар алдағы уақытта креативті жобаларын іске асырмақ.

«Менің жобамның басты мақсаты – мектеп оқушаларының қауіпсіздігі. Яғни, арнайы ақпараттық база арқылы мектепке келген оқушылардың уақыты тіркеледі. Білім ұйымына келген бейтаныс адам автоматты түрде бет әлпеті түсіріліп, ақпараттар қорында сақталады. Сондай-ақ, ата-аналар балаларын мектепке нешеде келгені туралы онлайн біле алады», - деді «Smart Qyzylorda» секциясының жеңімпазы, «AII System» командасының капитаны Асқар Абу.
«Бұл фестиваль инновациялық идеясы бар жастарға таптырмас мүмкіндік болды. Мен «Контент и медиа» секциясы бойынша жеңімпаз атандым. Бұл жобада жастардың цифрлық өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында жасалған. Яғни, сандық мұқабалар, анимациялар, цифрлық иллюстрациялар сынды бағыттарды қамтиды», - деді «Контент и медиа» секциясының жеңімпазы София Темірболат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949101-innofest-qyzylorda-festivalinin-zenimpazdaryna-qoldau-korsetiledi/

pixel