Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада коронавирустың "дельта" және "дельта плюс" штамдары анықталды

Опубликовано:

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда коронавирустың "дельта" және "дельта плюс" штамдары анықталды. Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте астананың бас санитарлық дәрігері айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың сөзінше, республика аумағында COVID-19 штамдарының айналымын бақылау мақсатында зертханаға екі ай сайын штамдарды зерттеу және анықтау үшін белгілі бір үлгілер жіберіледі.

"Желтоқсан айының басында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша, елордада "дельта" штамы 47 пайыз, "дельта плюс" штамы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр", - дейді Сархат Бейсенова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда да коронавирустың "дельта плюс" штамы анықталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949103-elordada-koronavirustyn-delta-zane-delta-pllyus-stamdary-anyqtaldy/

pixel