Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылда елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 30, 31 желтоқсан мен 2022 жылдың 1 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтадың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ 35 градусқа дейін аяз күтіледі.

30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, солтүстік-шығыста түнде боран болуы мүмкін.

31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі.

Сонымен бірге республика бойынша тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін, Алматы облысының Алакөл ауданында 30 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949113-zana-zylda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel