Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 жарым айда 14 млн теңге жиналған": Шортандыдағы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен отбасыға баспана берілді

Опубликовано:

Тжд
Оқиға орны. Видеодан кадр: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысының Шортанды ауданында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен отбасының бірі баспаналы болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, елордада орналасқан су жаңа пәтердің сертификатын облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит табыстады.

"Науан Хазірет" мешіті халықтан 1 жарым ай жылу жинаған. 14 млн теңгенің басым бөлігі үй алуға жұмсалса, 4 млн теңгесі өрттен зардап шеккен тағы бір отбасы мүшелерінің ем-домына берілген.

"Біз баспана алып беруді ұйғарған отбасыға үкімет тарапынан ешқандай көмек берілмейді. Неге? Өйткені, олар сол өрт болған үйге қонаққа келген отбасы және сол оттың зардабынан отбасының ата-анасы қайтыс болды. Балалар жетім қалды. Келешекте олар ер жетеді, оқуы бар, өсуі бар дегендей, сол жетім балаларды ескеру мақсатында үй алдық", - дейді Қуаныш Сәбит.

Айта кетсек, Шортандыда болған оқыс оқиғадан 4 отбасы зардап шеккен еді. Үшеуіне әкімдіктен үй берілетін болды.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш пәтерлі баспана отқа оранған болатын. Салдарынан бес адам көз жұмып, 13 адам түрлі дене жарақатын алған еді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, апатқа толтырылған газ баллонын суықтан ішке кіргізіп, жылыту үшін пешке жақындатып қойғаны себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949119-1-zarym-aida-14-mln-tenge-zinalgan-sortandydagy-gaz-ballony-zarylysynan-zardap-sekken-otbasyga-baspana-berildi/

pixel