Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаппай жаңажылдық шараларға тыйым салды

Опубликовано:

Шырша
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігері елордада мереке күндері жаппай шараларға тыйым салынғанын мәлімдеді. Оларды тек Ashyq бойынша жұмыс істейтін нысандар ғана өткізе алады. Қатысушылардың бәрінде "жасыл" статус болуы қажет, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жаппай іс-шараларға, отбасылық отырыстар мен корпоративтер жасауға тыйым салынады. Барлық келуші мен қызметкерде "жасыл" мәртебе болған кезде 50% , бірақ 70-тен аспайтын орын толған жағдайда Ashyq жобасына қатысатын нысандарда ғана мүмкіндік бар", - дейді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, астанадағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін салтанаттан бас тарту қажет.

Осы ретте, Бейсенова жаңажылдық мерекеде мониторингтік топ жұмысы күшейтілетінін еске салды.

"Тексерістер біреуді жазалау немесе айыппұл салу мақсатында өтпейді. Ол алдын алу шараларын қамтамасыз ету үшін жасалады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай соған байланысты",- деді санитарлық дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949139-nur-sultannyn-bas-sanitarlyq-darigeri-zappai-zanazyldyq-saralarga-tyiym-saldy/

pixel