Ақтөбе облысында 4 жүк көлігі соқтығысты

Опубликовано:

1
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында төрт жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 желтоқсанда Самара-Шымкент автожолында төрт жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Жолдың тайғақ учаскесінде 4 жүк көлігі (фуралар) соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жүргізуші зардап шеккен. Жолдардағы ЖКО-ның негізгі себебі – жүргізушілердің менмендігі.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге әсіресе қысқы уақытта ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда жүру кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтық пен маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға, жолбелгілерінің нұсқамаларын қатаң орындауға жәнеқысқы резеңкеге уақытылы көшуге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949159-aqtobe-oblysynda-4-zuk-koligi-soqtygysty/