Алматыда "Новый Ялян" сауда үйі өртенді (видео)

Опубликовано:

Ялян
Оқиға орынан фото: Қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Алматыда "Новый Ялян" сауда үйі өртенді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видео кадрынан "Новый Ялян" сауда үйінің төбесі көк түтінге оранғанын аңғару қиын емес. Сонымен қатар, оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру көлігінің келгені көрінеді.

Бұған қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, жағдай бақылауда. Қызыл жалын толық ауыздықталған, деп хабарлайды zakon.kz.

""Жаңа Ялян" сауда үйінде екі контейнер өртенді, үшінші контейнер жоғары температура салдарынан зақымданды", - делінген хабарламада.

Өрттің 21 минутта сөндірілгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949184-almatyda-novyi-yalyan-sauda-uii-ortendi-video/