Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "омикрон" анықталса, қандай шара қолданылмақ: министрлік шешім қабылдады

Опубликовано:

Температура
Көрнекі фото: Zakon.kz

СЭБК ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда "омикрон" штамы анықталған жағдайда енгізілуі мүмкін шаралар туралы хабарлады. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты екені, бірақ "омикрон" штамы бір айда әлемнің 110 елінде анықталғаны атап өтілді.

Ведомство өкілі ДДСҰ дерегінше, аталған штамның жылдамдығы "дельта" штамына қарағанда бес есе көп екенін мәлімдеді.

"Сондықтан, денсаулық сақтау министрлігі қосымша шара ұйым туралы шешім қабылдады. Дәлірек айтқанда, 5 қаңтардан бастап сауда орталығы мен караокеге кіруге тек "жасыл" статусы бар адамдарға рұқсат беріледі.

Ал "омикрон" штамы Қазақстан аумағында анықталып, эпидемиологиялық жағдай нашарлағанда мұндай шаралар Қазпошта бөлімдерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, спорт-емдеу орталықтары мен СПА, бассейндерде қабылданады",- деді ол.

Пессимистік сценарий дамыған кезеңде ведомствоаралық комиссия ЦДИАӨМ мен "Атамекен" ҰКП-ға "Қазпочта" АҚ-мен және екінші деңгейлі банктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "жасыл" мәртебесі жоқ адамдарға, оның ішінде онлайн-қызмет көрсету немесе үйде қызмет көрсету арқылы тиімді тетіктерді пысықтауды тапсырғанын атап өтті.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов отырыс барысында эпидемиологиялық жағдайдың болжамы халықты вакцинациямен және ревакцинациямен қамтуға тікелей байланысты болатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ халықты қамту деңгейі бойынша орташа республикалық мәннен артта қалған бірқатар өңірді бөліп көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949187-qazaqstanda-omikron-anyqtalsa-qandai-sara-qoldanylmaq-ministrlik-sesim-qabyldady/

pixel