Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев: Азаттық рухы

ІІМ баспасөз қызметі ішкі істер министрі мен орынбасарлары қанша жалақы алатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Еңбек сіңірген жылдары мен атағын ескергенде, министрдің жалақысы 1,3 млн теңгені құрайды, оған оның айлығы мен үстемеақылары кіреді. Еңбек сіңірген жылдары мен атағына байланысты орынбасарлардың жалақысы 1 млн теңгені құрайды",- деді министрліктің баспасөз қызметі.

2021 жылы министрлік басшылығының жалақысын көтеру мәселесі қарастырылған жоқ. Жалпы министрлік қызметкерлері мен министрге сыйақылар үнемделген бюджеттен төленеді, дейді ведомство өкілдері.

"Ішкі істер органдары бөліміне берілетін сыйақы мөлшері бюджет қаражатын жинақтаудан құралады, ол жұмыс нәтижелеріне қарай тікелей басшылардың ұсыныстарына сәйкес қызметкерлер арасында тепе-тең немесе біркелкі бөлінеді",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949199-iski-ister-ministri-erlan-turgymbaevtyn-qansa-zalaqy-alatyny-belgili-boldy/