Еліміздің бір өңірінде карантин шектеулері 12 қаңтарға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 12 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланған.

Онда облыс бойынша карантин 12 қаңтарға дейін ұзартылғаны жазылған.

Шектеу шараларының мерзімі өңір аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы ықтимал.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 9,6%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,067.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 393 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың 23-cі Шығыс Қазақстан облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949202-elimizdin-bir-onirinde-karantin-sekteuleri-12-qantarga-deiin-uzartyldy/