Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа өнім түрлерін шығару: Қызылордалық кәсіпкерлер отандық тауар ассортиментін көбейтуде

Опубликовано:

Қызылордалық кәсіпкерлер отандық тауар ассортиментін көбейтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Пандемия қиындығына қарамастан қызылордалық кәсіпкерлер жаңа өнім түрлерін көбейту ісінде белсенділік танытып келеді. Трансформация жолына бет бұрған Сыр елінің кәсіпкерлері бұқтырылған ет, балмұздақ, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы, шоколад өнімдері шығарылуда.

Бүгін кәсіпкерлер Қызылорда облысының әкімімен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылады.

Іс-шара аясында аймақ басшысы жергілікті тауарөндірушілердің өнімдер көрмесімен танысты. Қызылорда қаласы және барлық аудан өнімдері арнайы сөреден орын тапты.

Кездесу барысында облыс әкімі пандемия қиындығына қарамастан кәсіп ашып, өңірде 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарының тиімді іске асырылуына және жаңа әрі сапалы жергілікті өнім түрлерін шығару ісінде белсенділік танытқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

Қызылордалық кәсіпкерлер отандық тауар ассортиментін көбейтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Соңғы кездері облыста кәсіпкерлер балмұздақ, жантақ балы, шұжық, макарон бұйымдары, шоколад өнімдері, қауыннан жасалған чипсы, сиыр, жылқы, қой етінен консервілер, қарақұмық және күріш ботқасынан консервілер сияқты өнімдерді шығарып, оның халыққа қол жетімділігін қамтамасыз еттіңіздер. Мұнан бөлек, өнімнің кейбір түрлері бойынша облыстың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі ұлғайды, нақты айтқанда макарон өнімдері 3,8-ден 5 пайызға, шұжық өнімдері 0,3-тен 3,1 пайызға, кондитерлік өнімдер 2,1-ден 2,5 пайызға дейін өсті.

Өз тарапымыздан кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасау шараларын қарастырудамыз. Ірі жобалармен қатар шағын және орта бизнестің де жобаларын іске асыруға бағытталған «Байқоңыр» аймақтық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметін толығымен қайта құрдық. Сәйкестендіру сертификаттары мен қажетті рұқсат құжаттарын алу бойынша жобаларға сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығының қызметі 5 жылға ұзартылды. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету мақсатында біз «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 2%-бен несиелендіру бағдарламасын іске қостық. Басты мәселе – сапалы жергілікті өнім шығарып, жаңа өндірістерді ашу. Сіздерді осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Бұрын Қызылорда облысын тек мұнай мен күріш арқылы таныса, енді жаңа өнімдерді шығаруды қолға алайық" ,-деді облыс әкімі.

Қызылордалық кәсіпкерлер отандық тауар ассортиментін көбейтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кетейік, карантин кезінде кәсіпкерлерді қолдау бағытында бірқатар шаралар атқарылды. Биылдың өзінде шағын кәсіпкерлікті қолдауға 34,6 млрд. теңге қаржы бағытталып, 3 мыңнан аса жоба жүзеге асырылды.

Өткен жылмен салыстырғанда қолдау көрсетілген жобалардың саны 2,4 есеге, ал несие портфелі 1,8 есеге артты. Басқарма басшысы бағдарламаға қатысушылар санының артуына несиелендіру шартының жеңілдетілуі және кейбір банктермен іске қосылған "скоринг" құралы оң ықпалын тигізгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнесті несиелендіру бағытында облыста 7 банктің филиалы жұмыс жасаса, биыл олардың қатары облыста "Альфа Банк" филиалының ашылуымен толықты.

Қызылордалық кәсіпкерлер отандық тауар ассортиментін көбейтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Іс-шара барысында жергілікті кәсіпкерлер өз қызметтері туралы айтып, пікір білдірді. Мәселен, "ЛТД КАУ" жеке кәсіпкерлігінің басшысы Жансия Әлсейітова жартылай фабрикат өндірісін жүргізсе, "Қызылорда Сельхозпродукт" ЖШС директоры Константин Ким ет өнімдерін, ал "Сыздық ата" ЖШС директоры Ғабит Дүйсебаев асыл тұқымды мал өсіру мен ет өнімдерін шығарумен айналысуда. Сондай-ақ, "Аль-Асад" ЖШС директоры Тұрғали Шанкерей 20 жылдан астам уақыт бизнеспен айналысса да, 2 күн ішінде өтініш беріп, қажетті көмек алғанын Сыр өңірінде ғана орын алған ерекше жағдай екенін айтты.

Айта кетейік, Қызылорда облысы бизнес-қауымдастыққа көрсетілген жан-жақты қолдаудың нәтижесінде 2020 жылы тіркелген кәсіпкерлердің саны 4,3 пайызға, белсенді кәсіпкерлердің саны 5,1%-ға артып, өңіріміз көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша республика көлемінде І орынды иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949219-zana-onim-turlerin-sygaru-qyzylordalyq-kasipkerler-otandyq-tauar-assortimentin-kobeitude/

pixel