Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Маңғыстау облысының тұрғынынан “синтетика” тәркіледі

Опубликовано:

синтетика тәркіленді
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының тұрғынынан “синтетика” тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

27 желтоқсан күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде одан ақ түсті полиэтилен пакетке салынған, қара түсті изолентаға оралған 15 дана “зиплок” тәркіленді.

Онда өткір иісі бар синтетикалық зат – “мефедрон” анықталған. Жалпы салмағы 14,573 граммды құрады.

Ұсталған ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру әрекеттері жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949234-policeiler-mangystau-oblysynyn-turgynynan-sintetika-tarkiledi/

pixel