Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балабақшадағы шу: Қатарластарынан таяқ жеген алматылық бүлдіршіннің әкесі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жеткіншек
Көрнекі сурет: Sputnik / Ксения Воронина

Алматыда балабақшада қатарластарынан таяқ жеген баланың әкесі барлық мән-жайды өз аузымен айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматылық азамат тұңғышы көкала қойдай болып үйге келгенде бірден мектепке дейінгі мекемеге барып бейнебақылау камерасын қараған.

Айтуынша, балалардың бірі қалмай ұлын қуып жүріп ұрғанын балабақша ұжымы біле тұра, ешкімге тіс жармауға тырысыпты.

"Көзге жас алмай айта алмайсың. Көрген адамның өзі жылайды. Айтатын адам баланы көрген кезде айтатын еді. Сол күні осындай оқиға болды деп айтады. Тәрбиешісі келе сала бізге хабарласатын еді. Ол телефонын шұқылап отыра берді. Сондай шу болғанын балабақшаның бәрі білді. Апайдың өзі балаларды үйіне жіберіп жатқанмын дейді. Оның бәрі өтірік. Негізінде ол жиналыста отырған адам. Балаларды тастап кеткен", - деді ер адам.

Алматылық азамат кішкентай балаларды ондай қатігездікке ешқандай ата-ана үйретпейтініне сенімді. Сондықтан ол ұл-қыздарды тәрбиеші "арандатқан" деп топшылап отыр.

"Ұрыспай-ақ, бір-екеуінен сұрадық. Мұғалімдер сол жерде болды. Қандай себеп болды деп сұрадық. "Бізге апай айтты, ол тұрса ұрыңдар" дегендей. Кішкентай бала бәрін сіңіріп алады, айтқанды істейді. Бала дұрыс тәрбие көрмеді дегеннің өзінде, барлығы жабылып, ойлары бір жерден шыға қоймас. Мен балаларды кінәлай алмаймын. Себебі, баладан мен ондай күтпеймін. Ата-анадан да күтпеймін. "Барып жабылып ұрыңдар" деп ешқандай ата-ана жасамайды деп ойлаймын", - деді ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан жалғыз баланы ұлы да, қызы да жабылып аяусыз төпелеп жүргенін байқауға болады. Соққылардан бала арлы-берлі қашып, бір кезде жерге құлайды. Соның өзінде бірі басынан, екіншісі ішінен теуіп жатыр. Бұл бөлмеде не тәрбиеші, не бала күтуші көрінбейді. Осы жайттан зардап шеккен төрт жастағы бүлдіршін қазір психологтың көмегіне зәру, дейді жыларман болған әкесі.

"Бала шошынып қалған. Қорқады. Балабақшаға барғысы келмейді. Психологтармен жұмыс істеу керек енді. Психологты олар беру керек. Олардың міндеті деп санаймын. Себебі, білім басқармасының кесірінен бала осындайға ұшырап отыр. Жауапты адам болу керек. Басымыздан осындай жағдай өтеді деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген", - дейді алматылық ер адам.

Көпшіліктің талқысына түскен бейнекадрлардан кейін білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі мен балаларды қараусыз қалдырып кеткен тәрбиеші жұмысынан босатылды.

Жергілікті әкімдікте де мектепке дейінгі мекеме директорларының қатысуымен шұғыл жиналыс өткізілді.

"Білім басқармасы жанынан мониторинг тобы құрылды. Ол өңірлік департамент өкілдерінен тұратын болады. Бұл білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменттері, әдіскерлер, педагогтар. Мамандар Алматы қаласының балабақшаларының жағдайы бойынша қосымша мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады", - деп хабарлады білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті басшысының орынбасары Майра Мелдебекова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949238-balabaqsadagy-su-qatarlastarynan-tayaq-zegen-almatylyq-buldirsinnin-akesi-malimdeme-zasady/

pixel