Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барыс жылы: Дастархандағы тағамдар жылдың сәтті өтуіне қалай әсер етеді

Опубликовано:

Дастархан
Көрнекі фото: pexels.com

Астрологтар жыл табысты болуы үшін, денсаулық жақсаруы үшін не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведалық астролог Александра Нагорная "Сәттілік шақырып тұруы үшін үстелде міндетті түрде қызғылт сары немесе сары заттар – жемістер немесе әшекейлер болуы керек" деген пікірде.

""Жемістерден апельсин, мандарин, лимон болуы мүмкін. Мұның бәрі сәттілік түстері, Юпитердің түсі. Егер отбасыда энергия жеткіліксіз болса, барлығы бір ағыс бойымен қозғалатын болса, энергия үшін үстелде қызыл заттар болуы керек. Мысалы, қызыл майлық, әшекей, тәрелке немесе дастархан қоюға болады. Бұл отбасының жетістікке жетуі үшін көбірек энергия береді. Бұл энергия сәттілік алып келеді", - дейді ол.

Сонымен қатар, дастарханда гүл болуы қажет, себебі бұл жыл Венера қамқорлығында өтеді. Үстелге аз да болса гүл қою керек, сонда Венера үйге махаббат тартады, дейді жұлдызнамашы.

Одан бөлек, барлық адамға мәзіріне күріш, сүт өнімдерін қосып, көп су ішу және психикамызды, жүйке жүйесін тыныштандыратын затты жеу өте маңызды саналады.

"Биыл екі саны үш рет қайталанып тұр, бұл Ай энергиясы күшейетінін көрсетіп тұр. Өз эмоциямызға өте жауапты қарау керек дегенді білдіреді", - деді Александра Нагорная.

Мысалы, какао немесе қара шоколад, қызылша, бұршақ дақылдары, картоп, банан, жаңғақтар, құс еті, жидектер, балдыркөк, балық, зәйтүн майы жүйкені тыныштандырады.

Нумеролог Әсел Ыдырысованың айтуынша, үйде молшылық пен амандық болуы үшін мерекелік үстелдің ортасына күріш пен монета салынған табақ қою керек.

Келесі жылы жаңа жыл қарсаңында жаңа зат кию өте маңызды. Үйге ақша келу үшін қалтаңызда қомақты қаржы мен дастарханда ананас пен жүзім болғаны жақсы.

"Жаңа жылдық дастарханға бал қою қажет. Бұл денсаулықтың белгісі. Сондықтан келесі жылы денсаулық жақсы болсын десеңіз, бал қойыңыз. Ол сапалы болуы керек", - дейді Ыдырысова.

Сондай-ақ, үстелде ет болуы керек. Егер қыз жүкті болғысы келсе, онда уылдырық немесе балық қойған дұрыс.

Егер жылжымайтын мүлік сатып алғыңыз келсе, онда өз қолыңызбен еттен тоқаш әзірлеп, достарыңыз бен көршілеріңізге дәм татқызыңыз.

Отбасыда махаббат, әл-ауқат, жақсы атмосфера болу үшін үстелдің аяқтарын жасыл немесе қызыл лентамен байлауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949256-barys-zyly-dastarxandagy-tagamdar-zyldyn-satti-otuine-qalai-aser-etedi/

pixel