Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұз астына түсіп кеткен көлікті сүйреп шығарған ақтөбеліктерге жұрт сүйсінді (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтөбе
Оқиға орнынан фото: instagram/aqtobe_tjd

Ақтөбе облысында мұз астына түсіп кеткен жол талғамайтын көлікті бір топ адам сүйреп шығарды. Олардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Пікір білдіргендердің басым бөлігі құтқарушыларды мақтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай 28 желтоқсанда болған.

Төтенше жағдайлар қызметіне Land Cruiser көлігінің мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен. Жүргізуші мен жолаушының жол талғамайтын автомобильден шығып үлгергені айтылды.

Құтқару жұмыстары еріктілермен бірге ұйымдастырылған.

Оқиға орнында мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болғаны хабарланды.

Осы орайда төтенше жағдайлар департаменті мұздың беріктігін теуіп тексеруге тыйым салынатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949264-muz-astyna-tusip-ketken-kolikti-suirep-sygargan-aqtobelikterge-zurt-suisindi-foto-video/

pixel