Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер пойыз үстінде селфи жасамақ болған жасөспірімнің қазіргі жағдайын айтты

Опубликовано:

Пойыз
Видеодан кадр: Almaty.tv

Пойыз төбесіне шығып, суретке түспек болған жасөспірімнің жағдайы қазір бірқалыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәрігерлер науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетіліп, тоқ соғудан кейінгі шоктық симптомын емдедік деп отыр. 

Естеріңізде болса, 27 желтоқсан күні Алматы стансасындағы қабылдау-жөнелту паркінде селфи жасап жүрген екі жасөспірім тоққа түсіп, оның бірі оқиға орнында қаза болған еді.

Ал денесінің 60 пайызын күйік шалған тағы бір жасөспірім ауыр жағдайда Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген болатын.

"Науқас ауыр жағдайда түсті. Күйік денесінің 60 пайызын қамтыған. Ол қазір дәрігердің бақылауында", – дейді №4 қалалық клиникалық ауруханасының күйік шалу бөлімінің дәрігері Елдос Әлменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949283-darigerler-poiyz-ustinde-selfi-zasamaq-bolgan-zasospirimnin-qazirgi-zagdaiyn-aitty/

pixel