Алматыда 22 жыл бойы баспанасыз жүрген отбасының арманы орындалды (фото)

Опубликовано:

Әйел
Видеодан кадр: Almaty.tv

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еріктілер 30 номинация бойынша марапатталды. "Үздік волонтер-2021" шарасында еріктілердің жылдық жұмысы қорытындыланды. Игі шараға жиналғандар 22 жыл бойы баспанасыз жүрген отбасының арманының орындалғанына куә болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еріктілердің арқасында 22 жыл бойы баспанасыз жүрген Гүлжаһан Құрбанбаеваның арманы орындалды. 6 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға "Асаруме" қоғамдық қорының бастауымен күллі халықтың қолдауымен қомақты қаржы жиналған.

Әйел
Видеодан кадр: Almaty.tv

"Мен қазіргі күйімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бүкіл халқыма, еліме Алла разы болсын. Осындай мейірімді жандардың арқасында біз сияқты осылай үйсіз жүргендер баспаналы болып жатыр. Жаңа жыл бізге жақсылығымен кіріп келді", – дейді қала тұрғыны Гүлжаһан Құрбантаева.

Жалпы, Алматыда 50 мыңнан астам ерікті және 28 ірі еріктілер ұйымы бар. Олар 2021 жылы 7 бағыт бойынша 1700-ден астам іс-шара, 300-ден аса қайырымдылық акциясын өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949286-almatyda-22-zyl-boiy-baspanasyz-zurgen-otbasynyn-armany-oryndaldy-foto/