Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: Prosports.kz

Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен уақытын атады, деп жазады Prosports.kz.

"Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек тамыз айында өтеді. "Канело" қыркүйек айында Сондерспен жұдырықтасады. Ал Головкин мен Канело желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл аяғында жағдай қалпына келіп, жанкүйерлер Лас Вегаста бокс тамашалай алады деп сенемін", - деді Хирн.

Айта кетейік, Головкин польшалық Шереметамен жекпе-жекте IBF чемпиондық титулын қорғайды. Ал Альварес супер орта салмақта Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады

Еске сала кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949288-golovkin-men-alvarestin-zekpe-zegi-qasan-otedi/

pixel