Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәретханаға түсіп кеткен екі бірдей баланы алып шыққан полицейге жұрт риза болды

Опубликовано:

Тәртіп
Көрнекі фото: Polisia.kz

Түркістан облысында дәретханаға түсіп кеткен екі бірдей баланы аман алып шыққан тәртіп сақшысының еңбегі еленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай осы жылдың қарашасында болған.

Сарыағаш аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханаға 3 жасар ұлы мен 10 жасар қызының абайсызда түсіп кеткенін хабарлаған.

Бірден оқиға орнына полиция майоры Нұрдаулет Еділов, полиция капитаны Асыл Ережепов, полиция аға лейтенанты Айсұлтан Сапар барған.

Олардың оқиға орнына 2 минутта жеткені белгілі болды.

"Нұрдәулет Еділов 5 метр тереңдіктегі әжетхана ішіне түсіп, балаларды аман есен алып шықты. Оқиғаға куә болған көршілер де учаскелік инспекторларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді. Сол бір еңбек ішкі істер министрлігі тарапынан ескеріліп, 3 және 10 жасар жасөспірімдерді нәжістің ортасынан алып шыққан, балалардың анасының риясыз алғысына бөленген сақшы Нұрдаулет Еділов марапатталды. Арнайы Нұр-Сұлтан қаласына шақырылып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен кеудесіне "Ерлігі үшін" медалі тағылды", - делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949302-daretxanaga-tusip-ketken-eki-birdei-balany-alyp-syqqan-policeige-zurt-riza-boldy/

pixel