Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда анасы мен төрт баласының өлімі: кәсіпкерлерге үкім шықты

Опубликовано:

Кәсіпкер
Фото: polisia.kz

Осы жылдың ақпан айында Түркістандағы үйлердің бірінде анасы мен кәмелетке толмаған төрт баласының мәйіті табылды. Олар газға уланып қалған. Жақында аталған жайтқа байланысты сотталушылар орындығына отырған екі кәсіпкерге үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан қалалық сотына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды орындады (ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігі), сондай-ақ жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді дайындады (ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі) деп айыпталған екі бизнесменге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші ЖШС жалдамалы қызметкерлеріне үйіне газ құбырын жүргізу туралы өтініш жасаған. Олар бұл туралы серіктестік директорына хабарлаған.

Ұйым басшысы қызметкерлердің газ құбырын монтаждау саласында арнайы дағдылары жоқ екенін, сондай-ақ жәбірленушінің уәкілетті орган берген техникалық шартының жоқтығын біле отырып, онымен қызметтер үшін төлем мөлшерін келісіп, өз қызметкерлеріне тиісті нұсқаулар берген.

Сонымен қатар, компания басшысы жәбірленушінің атынан құжаттарды тиісті ұйымға сенімхатсыз тапсырған. Құжаттарда ол үйде сертификатталған қазандық орнатқанын көрсеткен. Осы мәліметтер негізінде әйелдің үйіне техникалық шарт берілген.

Кәсіпкер атқарушылық техникалық құжатты жасау үшін танысына жобаның эскизін және өз қолымен жасалған техникалық шартты табыс еткен. Соңғысы жалған жобалық құжаттар мен атқарушы техникалық құжаттарды жинап, мамандандырылған ұйымға өткізген.

Жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленуші мен оның төрт баласы көміртегі тотығымен уланып қайтыс болды. Сотталушылардың кінәсі сот-медициналық және сот-технологиялық сараптамалардың қорытындыларым және куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді.

Материалдық залалды және моральдық зиянды өтеуде бизнесмендердің асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы есепке алынды. Бұл қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларға жатқызылды. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен кәсіпкерлер тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", -деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949305-turkistanda-anasy-men-tort-balasynyn-olimine-qatysty-kasipkerlerge-ukim-syqty/

pixel