Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қалай демалады

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі фото: pxhere.com

Жаңа жылға бір тәуліктей уақыт қалды. Ертең әлем жұртшылығы көпшілік тағатсыздына күтетін мерекені атап өтпек. Осыған байланысты жаңа жыл қарсаңында ел тұрғындарының қанша күн демалатыны айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жыл сенбіден басталатындықтан, ресми демалыс күндер 3 және 4 қаңтарға ауыстырылады.

Осылайша, қазақстандықтар төрт күн демалады.

Ел тұрғындарының басым бөлігі сәрсенбі күні яғни 5 қаңтарда жұмысқа шығады.

Сонымен қатар, 7 қаңтар - демалыс күні, өйткені қазақстандықтар Рождество мерекесін атап өтеді.

8-9 қаңтар сенбі-жексенбі, 10 қаңтарда жаңа жұмыс аптасы басталады.

Айта кетейік, осыған дейін электрондық үкімет порталында 2022 жылға арналған күнтізбе жарияланды. Күнтізбеде келер жылы ел тұрғындары түрлі мерекеге байланысты қалай демалатыны көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949324-qazaqstandyqtar-zana-zyl-merekesinde-qalai-demalady/