Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелімен жанжалдасқан дәрігер ауруханада оқ жаудырды

Опубликовано:

дәрігер13
Көрнекі фото: pixabay.com

Ставрополь өлкесінде әйелімен жанжалдасқан дәрігер ауруханада оқ жаудырды, деп хабарлайды Mash.

Куәгерлердің сөзінше, Светлоградта жергілікті клиниканың хирург-анестезиологы Андрей Мирошниченко мас күйде автоматпен ғимаратқа кіріп, пациенттердің көз алдында қабырға мен төбеге оқ атқан. Оқиға орнына полиция аттанды.

Андрей бұл әрекетке әйеліне қызғаныштан барған. Ал жары Людмила дәл сол аурухаада медбике болып жұмыс істейді екен.

Құқыққорғаушылар бұзақылық әрекетке барған азаматты ұстады. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949329-aielimen-zanzaldasqan-dariger-auruxanada-oq-zaudyrdy/

pixel