Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп директорының міндетін атқарушы жұмысқа қабылдау үшін ақша алған

Опубликовано:

Әйел басшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде №71 мектеп директорының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды. Тергеу білім беру мекемесінің басшысы жұмысқа қабылдау барысында ақша алғанын анықтады, деп хабарлайды "Диапазон".

Іс материалдарында №71 мектеп директорының міндетін атқарушы оқу орнына жұмысқа орналасқысы келген ақтөбеліктерден 200 мың теңге, содан кейін тағы 100 мың теңге пара алғаны көрсетілген.

Соттың баспасөз қызметі сотталушы кінәсін ішінара мойындағанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағының (пара алу) санкциясы мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60-70 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салу не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Нәтижесінде сот әйелді кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949333-aqtobede-mektep-direktorynyn-mindetin-atqarusy-zumysqa-qabyldau-usin-aqsa-algan/

pixel