Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы екі қаласында жаңажылдық отшашу болмайды

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның тағы екі қаласында коронавирус инфекциясына қатысты шектеулерге байланысты Жаңа жыл құрметіне мерекелік отшашу болмайды.

Lada.kz басылымының жазуынша, кеше Ақтау қаласының әкімдігі қаладағы жаңажылдық отшашуды да, дәстүрлі мерекелік шараларды да тоқтатты. Сонымен бірге, биылғы жылы отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбегені көрсетілген.

Айта кетейік, өткен жылы коронавирустық індетке байланысты Ақтауда да Жаңа жыл мерекесіне арналған отшашулар болған жоқ.

Атырауда да отшашулар тоқтатылды. Бұл туралы ATpress.kz хабарлайды. Бұл қалада да безендіруге ақша бөлінбейді: шаһар былтырғы гирляндалар мен жасанды шыршалармен безендірілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің астанасы мен Алматы қаласында да жаңажылдық отшашулар болмайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949352-qazaqstannyn-tagy-eki-qalasynda-zanazyldyq-otsasu-bolmaidy/

pixel