Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімінің орынбасары "омикрон" штамы кімдер үшін қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирус бойынша болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қала үш бағытқа дайындалып жатыр. Бірінші – АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек). Бізде 1200 бөлім мен 600-ден астам мобильді дәрігерлер тобы бар. Қазір мобильді топтарды ресурстық қамтамасыз ету жүріп жатыр. Үй стационарында жүргендер үшін телемедицина орталығы қосылады", – деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда "омикрон" штамы жастарға көбірек әсер ететінін хабарлады.

"Үлкен қатер төнеді деп ойлаймын. Жас буынның арасындағы вакцинация деңгейі өте төмен", – деді Бабақұмаров.

Сонымен қатар, әкім орынбасары қазір Алматыда КВИ жұқтыру қарқынына байланысты жоспар қаралып жатқанын хабарлады.

"Бізде инфекциялық емес станцияларды инфекциялық станцияға айналдыру жоспары бар. Қаладағы індетті жұқтырғандардың шамамен 30-40 пайызы ауруханада емделу керек деп есептейміз. Ауруханада жатқандардың шамамен 10 пайызы "ауыр" науқастар болады. Жансақтау бөлімдерін, реанимациялық төсектерді дайындадық, жетіспейтін жерді кеңейтеміз", – деп түсіндірді шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949383-almaty-akiminin-orynbasary-omikron-stamy-kimder-usin-qauipti-ekenin-aitty/

pixel